Деформацияланған металлдың қыздырған кезде тәртібі

123456

Металл құрылымын жарықтық микроскоппен деформация деңгейінің артуы бойынша қарағанда, келесі өзгерістер анықталады. ε (~ 10 % дейін) кіші болғанда түйіршіктердің формасы өзгермейді: олар тең осьті болып қалады. Ығысу деформациясының ағуы, деформациялық із бойынша анықталады: жылжу жолақтарымен және (немесе) деформация егізімен. Жылжу жолақтары тура немесе қиыстырылған штрих түрінде болады, ол дислокацияның сырғанау кезінде қалай қозғалатынына байланысты. Егер қозғалу бір ғана жылжу жазықтығында орындалса, онда жолақ түзу болады (бұл ГЦК торы және ГП торы металдарға тән). Ал егер де, өзінің сырғанауы кезінде дислокация бір жылжу жолақтарынан екіншісіне өтсе, жылжу жолағы қиыстырылған болады (бұл ОЦК металдарға және алюминий қорытпаларына тән). Деформация орындалғаннан кейін жасалған, деформацияланған металдың микрошлифінде, ығысу жолақтарытек, егер құрылымды анықтау үшін қолданылған реактив, дислокацияларда ойықтардың пайда болуына алып келген жағдайда ғана орындалады. Сондықтан, осындай жазықтықтардың қиылысындағы ойықтар, бұйымның бетімен жиі орналасқан және улануы кезінде олар құйылып алынады. Деформация егізі, кристалдық торы, бастапқы түйіршіктің торына қатысты айналдырылған пластина түрінде болады. Осындай егіздер ГП және ОЦК металдардың деформациясы кезінде қалыптасады (деформацияның жоғары жылдамдығы кезінде). Егізденген пластиналар белгіленген жылжу жазықтықтардың бойымен жатады және ұштарында өзіне тән ерекше ұшы болады

Деформацияның орташа және үлкен деңгейлері созу кезіндегі ұзаруға жауап беретін түйіршіктер формасының өзгеруіне алып келеді. Сонымен бірге деформация деңгейінің жоғарылауы, түйіршік ішіндегі деформация іздерінің көбеюі мен тығыздалуымен бірге жүреді. Тіпті, деформацияның орташа деңгейлерінің өзінде, олар айырылмастай болады және түйіршіктердің ішіндегі шлифтің улануы тек қатты уландыратын рельефті шығарады . Деформацияның жоғары деңгейлерінде сырғанау іздерінің тығыздығының артуы, түйіршік денесінің реактивімен улануы, түйіршік шекарасындағыдай жоғары қарқынмен жүреді.



2.6 Төменгі температурада жұмысістейтін болаттар.

Төменгі температурада жұмыс жасайтын бұйымдар үшін төменгі суыққа сынушы болатты қолданған дұрыс. Әсіресе құрамында никель бар болаттарда суыққа сынудың температуралық сатысы өте төмен. Дәнекерлеу қасиетіне ие төмен легирленген аз көміртекті болаттар тиімді материалдар болып табылады. Құрылыстағы металло-конструкцияларда термо-механикалық жеңіл прокат кезінде аса тиімділікке ие болады. Машина детальдарының механикалық қасиетінің жоғары комплекстілігін қамту үшін 10ХСНД,15Г2СФ,12ГН2МФАЮ маркалы термиялық өңдеуден кейін ұсақ дәнді құрылымын түзетін және дисперстік тиімділікке ие легирленген элементтері бар аз көміртекті болаттар қолданылады. Аса төменгі температурадағы жұмыс үшін, қайнау температурасы өте төмен (оттегі- 183°С,сутегі-253°С) жанғыш газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған сыйымдылықты ыдыстарды криогенді болатпен қорытпалар қолданады. Осындай шарттары бар жұмыс үшін негізгі материал 10Х14Г14Н4Т, 10Х18Н, 10Т, 03Х20Н16АГ6 маркасы құрамында никельдің көп мөлшері бар аустенитті болаттар болып табылады.


ОРЫТЫНДЫ

Пластикалық деформация әдісімен беріктендіру тозуға қарсыласуды жоғарылатуға және металл қабатының бетін қатайту үшін, сонымен қатар сол қабаттағы бағытталған ішкі күштерді қалыптастыруға (көбінесе ығысу күші) және беттегі регламенттелген рельефтерде микро кедір-бұдырлықты тудырады.

Пластикалық деформация әдісімен беріктендіруді машина бұйымдарының соңғы кескіш жүзімен өңдеу мен абразивті құралдарды қолданғаннан технологиялық операциялардың ақырғы сатысы ретінде пайдаланған аса тиімді. Жұқа қабырғалы жұмсақ бұйымдарды кескен кезде пластикалық деформацияның беткі қабатын соғатын әсері бар құралдармен, ультрадыбыстық немесе импульсты тегістеу арқылы деформациялы өңдейді.


1550593800574041.html
1550645520107349.html
    PR.RU™